Нр-Слтан полициясы азаматтарды засыз саталан атыс аруын тасыруа шаырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған тіркелмеген атыс және суық қаруды тапсыруға шақырады.
Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Плиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда олармен қандай да бір іс-қимыл жасамауды, оларды тасымалдамауды және бұл туралы полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауды ескертеміз.
Аталған іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның төмендегі көрсетілген байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Нұр-Сұлтан ПД - 71-61-70;
«Алматы» ауданы ПБ - 71-67-37;
«Сарыарқа» ауданы ПБ - 71-66-46;
«Есіл» ауданы ПБ - 71-65-61;
«Байқоңыр» ауданы ПБ - 20-22-87.