Жаңа оқу жылының басын оқушылар қашықтықтан оқиды

Жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын оқушылар қашықтан оқиды. Білім және ғылым министрінің айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша 3,5 млн бала үйде білім алады. Асхат Аймағамбетов бұл форматқа тыңғылықты дайындалғанын айтып отыр. Себебі, 1-2 тоқсанда мектепте өтетін оқу бағдарламалары интернет платформаларына жүктелген. Сонымен қатар, министрлік қашықтан оқыту үшін мұқтаж балаларға деп 36 мың компьютер сатып алыпты. Бұл техникалар алдағы уақытта үлестірілмек. Дәл осы жүйе бойынша байланыс операторлары оқушылар мен ұстаздарға жеңілдетілген тариф ұсынуы мүмкін. Ал, эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғайдағы ауыл балалары мектепке бара береді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top