SMM - кәсіпті дамытудың тиімді құралы

SMM маманы - еңбек нарығында зор сұранысқа ие. Бүгінде әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын адам кемде кем. Ғаламтор - біреулер үшін жәй ғана ақпарат әлемі, таныстық алаңы болуы мүмкін, ал біреулер үшін нағыз табыс көзі. Бір қызығы, маман болу үшін арнайы жоғары оқу орнын бітірудің қажеті жоқ. “Ең бастысы, ынта болса болғаны“,- дейді Альбина Ғалымова. Осы орайда Петропавлда “SMM - кәсіпті дамытудың тиімді құралы“ атты тегін курс өтіп жатыр.
Back to Top