“Ауылым - Алтын Бесігім“

2020 жыл,3 желтоқсан күні Алматы облысының әкімдігі, облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының “Салтанат Сарайында“ Елбасының “Рухани жаңғыру“ мақаласы аясында Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының қолдауымен “Ауылым - Алтын Бесігім“ онлайн байқауы жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті. 20 мәдениет үйлері мен клубтар, 20 ауылдық кітапхана, 10 ауылдық музей қатысып, үздіктерге 17 дыбыс аппаратурасы, 13 компьютер берілді.
Back to Top