Нұр-Сұлтанда көпқабатты екі үйдің тұрғындары бір ауланы бөлісе алмай, дауласып жатыр. Бір бірінен балалардың ойын алаңын қызғанған елордалықтар екі араны темір қоршаумен бөліп алып, көршілерін өткізбейді екен. Өткен күзден бері дүрдараз тұрғындар әкімдікке де талай айтқан, бірақ Сарыарқа ауданының билігі әдеттегідей асығар емес.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан