’Алақ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын. 96:1 Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! 96:2 Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. 96:3 Оқы! Ол Раббың аса ардақты. 96:4 Сондай қаламмен үйреткен. 96:5 Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен. 96:6 Сөз жоқ, адам баласы әрине азады; 96:7 Ол, өзін мұңсыз көргендіктен. 96:8 Шын мәнінде қайту Раббың жақ. 96:9 Көрдің бе, сондай тыйым салғанды; 96:10 Бір құл намаз оқыған сәтте. 96:11 Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед Ғ.С.) тура жолда болса да, 96:12 Немесе тақуалықты бұйырған болса да. 96:13 Көрдің бе, егер ол (адам хақты) өтіріксініп, бет бұрған болса? 96:14 Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмей ме? 96:15 Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз; 96:16 Өтірікші, күнәкардың кекілінен. 96:17 Сонда ол, сыбайлаcтарын шақырсын. 96:18 Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз. 96:19 Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаһға сәжде қыл, жақында!
Back to Top