Кешелі бері Алматыда коронавирусқа шалдыққан жүзден астам Қытай азаматтары ауруханада емделіп жатыр деген ақпарат лезде таралып, алматылықтардың үрейін ұшырған болатын. Тіпті бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары аты-жөндері жазылған құжаттардың көшірмелерін жариялады. Бүгін осы мәселеге қатысты Алматының бас дәрігері журналистерді жинап, ресми мәлімет берді. Айтуынша, шынымен коронавирус кең таралған мемлекеттен келген жүзден астам адам карантинге жабылған. Күн сайын қауіпті аймақтардан келген жолаушылар қатары артып келеді екен.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!