«Qazaqstan Дауысы. Балалар» іріктеу

✨«Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының екінші маусымына іріктеу басталды. Ұлттық арнаның «Qazaqstan дауысы. Балалар» музыкалық мегажобасы көрерменмен қайта қауышады. Бұл - әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген әйгілі «The Voice. Kids» телешоуының қазақстандық нұсқасы. «Qazaqstan» телеарнасының эфирінде алты айға жалғасқан музыкалық мегажобаның алғашқы кезеңінде 4 мыңнан астам бала бақ сынады. Байқауға 8-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Жобаға қатысу үшін сайтына кіріп, өтініш қалдыру қажет. Сайтқа профильдегі сілтеме арқылы өте аласыздар. Өтінімдер 2023 жылғы 10 ақпанға дейін қабылданады.
Back to Top