Самир. Құдай - жарық нұр

Көзге көрінетін дүниенің артында ұлан- ғасыр әлем тұр. Және де сол әлем көзбен көре алатын әлемге қарағанда жанды әрі нәрлі. Сол әлем - көзге көрінетін және түсінікті әлемнен гөрі маған жақын, жанға жақын, құдайға жақын, өмірге жақын. Құдай дегеніміз - жарық нұр және онда титтей де қараңғылық жоқ. Осы сөзді жиі еске түсіріп қойыңыздаршы: Құдай дегеніміз - жарық нұр және онда титтей де қараңғылық жоқ. Бұл - факт. Бұл - ақиқат. Бұл осында әрқашан болған, бар және болады да. Бұл - біз, біздің бастамамыз, біздің отанымыз. Бұл ғайыптан біз пайда болып, оған не болса да
Back to Top