46 бас жылқы неден қырылды?

Ұрлықпен келген мал бұйырмайды деуші еді. Елордадан тағы да 18 жылқының өлексесі табылды. Болжам бойынша, ұрылар көлікке тығындап, содан тұншығып қырылған малды, белгісіз біреулер қала іргесіндегі көлшікке тастап кеткен. Араларында бір-екеуін сойып алып, ет базарға өткізбек болған сияқты. Өйткені кейбіреуінің терісі сыпырылған, жіліктеген. Ал, осыдан төрт күн бұрын ғана қала шетінен табылған тағы 28 жылқының Ерейментау ауданынан әкелгені анықталды. Жылқыларын таныған иесі барымташылар 28 емес, 58 жануарымды айдап әкетті, дейді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top