Аллажар

Режиссері: Қалдыбай Әбенов «Аллажар» фильмі Қазақстандағы 1986 жылғы 16 желтоқсанында болған ұлт- азаттық көтерілісіне арналған туынды. Фильм бюджеті 150 мың долларды құрады. Фильмді 1988 жылдан бастап 1996 жылға дейінгі аралықта 8 жыл түсірілді. Фильм шыққан заманынан бастап, ұзақ жылдар бойы Қазақстан билігі тарапынан қудалау мен цензураға ұшырап келді. Фильм сюжеті кеңес одағы тарихында тұңғыш рет орын алған халықтық ұлт азаттық көтерілісі жайында. Көтеріліс қатысушыларының бірі Азат үкімет әскерлері және қудалаушылар мен тергеушілер тарапынан сан түрлі қудалаулар мен қорлауларға ұшырайды. Фильмдегі Азаттың прототипі- өмірдегі Қайрат Рысқұлбеков.
Back to Top