video

Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі. Құранда Алла Тағала былай бұйырады: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар» («Бақара» сүресі, 196-аят). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде кім Алла Тағала ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса анасынан туылғандай пәк болып қайтады». Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол.
Back to Top