Зиянды қалдықтар шашылып жатыр

Елордада құрамында сынабы бар шамдар мен батареяларды тастайтын контейнерлер тозып барады. Тұрақты күтім болмағандықтан, қыруар қаржыға орнатылған құрылғылардың ішіндегі зиянды заттар сынып, шашылып жатыр. Тіпті, кейбірі тұрмыстық қалдық салатын жәшікке айналған. Дәл осындай шаһарда 500-ден астам контейнер бар, оны орнатуға 20 млн теңге жұмсалыпты. Демек, біраз қаржы желге ұшты деген сөз. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top