ҚҰТТЫ БОЛСЫН ӘЗ-НАУРЫЗ!

«ҚҰТТЫ БОЛСЫН ӘЗ-НАУРЫЗ!» Шығыс халықтарына ортақ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауға бағытталған көпшілік шараны тасбөгеттіктер дәл осындай тақырыппен ағымдағы жылдың 21 наурызы күні өткізді. Достық құшағын жайып, жылы шыраймен бірі-бірімен сағына көріскен қауым кенттің орталық алаңына шоғырланып, арнайы ұйымдастырылған мерекелік ән шашу мен салт-дәстүрімізді дәріптейтін сахналық көрініс-қойылымдарды тамашалап, қазақи киіз үйлер ішінде жайылған кең дастарханнан дәм татты. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары мен ересектер арасында қазақша күрес, қол күресі, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыстар өткізіліп, жарыс жеңімпаздары кент әкімінің сыйлықтарымен марапатталды. Кенттегі мектеп оқушылары арасында өткізілген: *арқан тарту сайысында №176 орта мектеп командасы, *қол күресі сайысында №11 мектеп-лицей оқушысы Өміртай Мейрамбек, *гір көтеру сайысында №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шәкірті Асқар Асхат, *тоғыз құмалақ ойыны
Back to Top