Бала 1 жасқа тола сала жұмысқа шығуға мәжбүрміз

Алдағы уақытта 1 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы мерзімі ұзартылуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1,5-3 жас аралығына дейін ұлғайтуды қарастырып жатыр. Бірақ нақты қашан және қанша уақытқа, әзірге белгісіз. Жауапты ведомствоның мәліметінше, 387 мыңға жуық ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алады екен. Жұмыс істемейтін аналарға бюджеттен айына 15-20 мың теңге бөлінеді, ал қызметтегі қыз-келіншектерге соңғы екі жылдағы жалақысының орта сомасының 40 пайызы беріледі. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top