Детская деревня

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қолдауымен бүгін, 24 ақпан күні “Облыстық балалар ауылында“ “Еркем-ай“ алып қуыршақтар театры мен “Аялы алақан“ жастар еріктілер тобы “Жол қауіпсіздік ережелері“ тақырыбында қойылым қойды. Шараның мақсаты: балалар үйі тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді пайдалана отырып, жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, жол ережелері белгілерімен таныстыру, бағыт беру. Қойылым кезінде балалар ойын ойнап, би билеп көңіл көтерді. Осындай шаралар өз жалғасын тапса деген тілек білдірді.
Back to Top