75 Қиямет сүресі

“Қиямә“ сүресі (1) Жоқ, қиямет күніне ант етемін. (2) Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін. (3) Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? (4) Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз. (5) Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді. (6) “Қиямет күні қашан болады?”,- деп, сұрайды. (7) Қашан көз шағылысқан, (8) Ай тұтылған, (9) Күн мен ай бір араға келтірілген кезде. (10) Адамдар сол күн: “Қашар жер қайда?”,- дейді. (11) Жоқ, әсте пана жоқ. (12) Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды. (13) Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (14) Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші: (15) Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.) (16) (Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. (17) Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. (18) Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. (19) Сосын оны түсіндіру Бізге міндет. (20) Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер. (21) Ақыретті тастап, қоясыңдар. (22) Қиямет күн
Back to Top