Жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алған

Шымкентте 41 жастағы келіншек өлім аузынан аман қалды. Дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шыққан. Ақ халаттылардың сөзінше, науқас №1-ші клиникалық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілген. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде оның бауырының оң жақ аймағында көлемі 19 сантиметр болатын “эхинококк кистасы“ табылыпты. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасауға шешім қабылдайды. Алайда, дәл осы кезде ананың толғағы басталып кетсе керек. Сәтті жасалған операцияның арқасында салмағы 5 келі тартатын сау бала дүниеге келді. Қазіргі таңда, ана мен баланың жағдайы жақсы, дейді мамандар. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top