Алматыда дауылдан ағаштар құлап, көліктерді зақымдады

Алматыда дүлей дауылдан 19 ағаш құлап, оншақты автокөлікке зақым келді. Онымен қоса шелектеп құйған жауыннан жиырмадан астам үйдің ауласын су басқан. Табиғи апаттың салдарын жою үшін төтеншеліктер түні бойы жұмыс істеді. Қазір де көшелерді құлаған талдардан тазартып жатыр. Көлігі қираған тұрғындар қиайып тұрған ағаштарды уақытылы күземеген әкімдікті кінәлайды. Олардың сөздерінің жаны бар сияқты. Өйткені бұл - Алматыдағы бірінші жағдай емес. Әрдайым жел тұра қалса, жасыл желек жапырылып қалады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top