Киллер

Басқа атауы: Tueur à gages Жылы: 1998 Режиссері: Дәрежан Өмірбаев Әскердегі борышын өтеп келген Марат жүргізуші болып жұмысқа тұрады. Жұмысын енді бастаған ол, көп өтпей жол көлік оқиғасының себепкері болады. Көліктегі жандардың ешқайсысына ештеңе болмағанмен, қымбат иномарка жеңіл автокөлігін соғып өтеді. Апаттан әлі есін жиып үлгермеген оған, қала рэкеттері тез арада көлікті жөнде деп қоқан лоққы көрсетеді. Бұл қарақшылардың ақысын өтеу үшін, Марат өзінің адами принциптерінен аттап, қайтуы қиын жолға түседі. Жалдамалы кісі өлтіруші болады. Бұл жолға бір кірген жанның, бұдан оңайлықпен шығуы мүмкін емес. Бас кейіпкер Марат қайтпек?...
Back to Top