8 наурыз: жігіттер қаншалықты жомарт?

Астаналық жігіттер сараң ба? Әріптесім әйелдер мерекесі қарсаңында елордалық ерлердің жомарттығын сынап көрмек болды. Көшеде кездескен еркек кіндіктілерге сыйлық алып беруді өтініп, күтпеген жерден қолқа салған Маржан Бақыттың құшағы гүлге, сөмкесі сыйлыққа толмаса да, көңілін қайтармаған жандар табылыпты. Сонымен, нұр-сұлтандық жігіттер қаншалықты мәрт? Әлде, елордада “шық бермес Шығайбайлар“ көп пе? Назарларыңыз экспериментте болсын! #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top