Аурухана қабылдамай, 5 жасар қыз көз жұмды

Дәрігерлер жазалансын! Ақтөбеде 5 жасар қызынан қапыда айрылып қалған ата-ана осындай талап қойып отыр. Олар қаладағы үш аурухана бүлдіршінді қабылдамай, 8 сағат бойы сенделтіп қойғанын айтады. Бала төрт күн жөтеліп жүреді. Ата-анасы салқын тиген болар деп үйде дәрі береді. Тек бесінші күн дегенде емханаға, кейін қызуы түспеген соң жедел жәрдеммен ауруханаға әкелген. Жедел жәрдеммен әр ауруханының есігін қағып тентіреп жүргенде Іңкәр әбден әлсіреп, инфекциялық ауруханада демі үзілген. Титтей қыздың ажалы неден болды? Ата-анасы неге ақ халаттыларға ашулы? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top