Аптап ыстық елді әбігерге салды

Бірнеше күнге созылған аптап ыстық халықтың есін шығарды. Оңтүстікте сынап бағанасы 40-қа дейін жетсе, қалған өңірлерде бұл көрсеткіш бір-екі градусқа ғана төмен. Салдарынан карантин деп, екі ай төрт қабырғаға қамалған жұртты енді үйінде ұстау қиын. Дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Қатты ыстықтан бастарына күн өтіп, ауруханаға түсіп жатқандардың қатары сағат сайын артып барады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top