Мейрамбек Беспаев - Таудағы көктем

Мейрамбек Беспаев - Таудағы көктем Мейрамбек Беспаев - Таудагы коктем Сай-саланы, Аймалады, Жоталардан жел есті. Көк қарағай. Көп баладай, Күбір-күбір кеңесті. Қасқа бұлақ, Тастан құлап, Бара жатыр шапқылап. Шыңылдаған, Сыбырлаған, Айқай тастар - саққұлақ. Бір жүрекпен, Дір-дір еткен, Жасыл талдар - жас талдар. Еміренген, Тебіренген, Ақбас Ата - асқарлар. Күннен - бөркі, Гүлден - көркі, Тау - тамаша, тау - алып. Қатпар басын, Шатқал тасын, Көрген сайын жаңалық. Айналаңа, Сайға қара, Шыңға қара ақ маңдай. Бала шағың, Болашағың, Көктеп келе жатқандай.
Back to Top