Қазақ Хандығы Алтын тақ

Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші томы – «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ Хандығы» кинодилогиясы – көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан Қазақ Ордасының алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды. XV ғасырдың ортасы. Әлем әміршісі Шыңғыс хан империясының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген кез. 1465 жылы, сондай ұлыстардың бірі – «Ақ Орда» мемлекетінің тікелей мирасқоры, Орыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Көк Орда билеушісі Әбілқайыр Шайбаниге наразы көшпелі тайпаларды бір тудың астына жиып, Ақ Орданың қара шаңырағы – «Қазақ Хандығын» құрды.Алайда азаттық жолы тар жол, тайғақ кешусіз болған ба? Кезінде Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр хан Әмір Темір ұрпақтары – Мәуеренаһр әмірлерінің қолдауымен ата жауы Керей мен Жәнібекке қарсы жойқын жорыққа аттанады. Бірақ бұл жорық қайырсыз болып Әбілқайыр хан қаза табады.
Back to Top