БҚО: Той жасағандар жайлы хабарлағандарға сыйақы беріледі

Карантинге қарамастан той өткізіп, ас бергендер жайлы хабарлағандарға сыйақы беріледі. Батыс Қазақстан облысының басшылығы өңірде індеттің таралуын тежеу үшін осындай тың әдісті қолға алмақ. Аймақ әкімі Ғали Есқалиевтің сөзінше, өңірде осындай жағдайды қадағалайтын 130 бақылау тобы бар. Алайда, олар таңнан кешке дейін елді мекендерді араласа да бәрін бірдей анықтай алмайды екен. Сондықтан мұндай оқиғарды білген әрі жақындары мен таныстарының денсаулығына алаңдаған жандар СЭС-ке немесе полицияға хабарласа болғаны. Алайда, бұл үшін берілетін сыйақының мөлшері әзірге белгісіз. Белгілісі, осы мақсатқа қажетті қаражат қарастырылып қойыпты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top