Бекболат Тілеухан Қазақстаннан неге кетті? Қашан қайтады? | Стамбулдағы сұхбат

#НартайАралбайұлы #БекболатТілеухан #НартайНьюс 🔹Спикер: Бекболат Тілеухан - Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті. 00:00 Басы 01:15 Таныстыру 02:03 Сіз Түркияның Стамбул қаласында не істеп жүрсіз? 08:37 “1 жетіден артық Қазақстаннан басқа жерде жүре алмаймын. Бір сәт жылқының етін жемесем не қымыз ұрттамасам, ішкен асым бойыма тарамай қалады“ дейтін Бекболат қайтіп шыдап жүр Стамбулда? 10:55 Өзіңізді сыйлайтын, сөзіңізді сөйлейтін адамдарды Түркияға қасыңызға алып келдіңіз бе? Арнайы тобыңыз бар ма? 15:46 Сізді сынағандар шайтан мен ібілістің әскері дегіңіз келе ме? 16:23 “Көк паспорттан айырылатын ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің жаласы. Кәдімгі жала бұл“ дедіңіз. Олар кімдер? 20:40 12 наурызда Түркияға келдіңіз. Қазір қандай ақшаға тұрып жатсыз? Жалақыңыз қанша? 21:18 Қазақстандағы НАК құрылыс компаниясына қатысыңыз бар деп айтылады. Расында солай ма? 22:43 Сіз Мәжіліс депутаты лауазымын 29 желтоқсанда тапсырып кеттіңіз. Осы тұста көпшілік сізді “қаңтар оқиғасын алдын ала біліп, қазіргі биліктен жылыстап шығып кетті“ деп айыптайды. Расымен аталған сценарийден хабарыңыз болды ма? 30:32 Бұқара мен биліктің арасы неге ажырап кетті? 31:13 Билік неге қаңтар оқиғасының алдын алмады? 36:05 Депутат көп нәрсе шешпесе онда 107 депутатты ұстап керек пе? 36:52 Халықта қазір сапа бар ма? 43:36 “Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес, – дедіңіз. Депутаттықтан тағы қандай мәселе бойынша кеттіңіз? 44:26 Президент пен Тұңғыш Президент сіздің Мәжілістен кетуіңізді қалай қабылдады? 45:18 Қаңтар оқиғасын жат діни ағым өкілдері ұйымдастырды дегенге не айтасыз? 51:21 Сіздің жат діни ағым өкілдеріне қатысыңыз бар ма? 58:47 Сіздің домбыраны “Шайтанның даңғырлағы ай“ дегеніңіз рас па? 01:00:25 Сақал жіберіп балақ қысқартып жүруден депутат болғасын ғана тартынғаныңыз рас па? 01:01:08 Қайрат Сатыбалды қамауда жатыр. Қайрат Сатыбалды сіз үшін кім? 01:02:25 Қайрат Сатыбалдының Ұлттық спортқа бөлінген ақшаны өз қалтасына алып отырған рас па? 01:07:39 Қайрат Сатыбалды Қазақстандағы жат діни ағым өкілдерінің көшбасшысы деген рас па? 01:08:20 Кәрім Мәсімовпен араластыңыз ба? 01:10:11 Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы статусы алынып тасталды. Бұл шешімге көзқарасыңыз қалай? 01:15:12 Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп қайта ауыстыруға көзқарасыңыз қандай? 01:16:18 “Назарбаев істейтін істеді, енді біз Тоқаевтың артынан еруіміз керек. Осы сөзімді Назарбаевқа жеткізіп барды“. 01:17:28 Елбасы статусын қалдыру керек пе еді, жоқ па? 01:19:20 “Мен Назарбаевты батвыр деймін“ дедіңіз. Қазақ қоғамында қазір батырлар бар ма? 01:20:36 Қасым-Жомарт Тоқаевтың батырлығы туралы... 01:21:55 Тәуелсіздіктен айырылып қалуымыз мүмкін деген қауіп қаңтардан соң сейілген жоқ па? 01:24:47 Қазақстандағы элита бір мүдде жолында жұмыла ала ма? 01:29:26 Бекболат Тілеухан долларлық миллионер ме? 01:29:59 Түркиядан зәулім үй алғаныңыз рас па? 01:30:42 Бірнеше рет ақпарат таратқан адамдарды сотқа берем дедіңіз. Соның қаншасы соңына дейін жетті? 01:32:33 Азаматтыққа қатысты жазған автор кешірім сұрап хабарласқан жоқ па? 01:33:50 Сындарды естігенде жұбайларыңыз бен балаларыңыз не дейді? 01:35:39 Жұбайларыңыз бен балаларыңыздың бәрі Түркияда ма? 01:36:15 Келініңіз Тоғжан Қожалиева қазір белсенді. Бірақ саяси көзқарастарыңыз келіспей қалыпты. Неге? 01:38:22 Жерді шетелдіктерді жалға беруге көзқарасыңыз қалай? 01:39:40 “Абай қандай қазақты көргісі келеді?“ деген видеоларыңыз шықты. Сіз осы сұрақтың жауабын таптыңыз ба? 01:47:59 Сіз дәл қазір не нәрседен қорқасыз? 01:48:54 Не нәрсеге өкінесіз? 01:50:53 Саясатқа қайта оралуыңыз мүмкін бе? 01:51:33 Қандай да бір қылмыстық жауапкершіліктен қорқып Қазақстанға қайтпай жүрген жоқсыз ба? 01:51:37 Мемлекет машина сізге қарсы қағынып кетеді деген қауіп жоқ па? 01:53:36 Қазақстанды сағындыңыз ба? 01:54:15 Қазір саясатта сыйласып қалған адамдарыңыз қалды ма? 01:56:50 Бүгінгі күннің батыры кім? 01:58:28 Елге не айтасыз? 02:02:18 Бір-бірін батыр көретін қазақ бар ма? 02:05:13 Қоштасу. Инстаграм: Фейсбук:
Back to Top