Қалың ел Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алаш жұрты белгілі журналист, танымал тележүргізуші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу рәсімі өзі өмірінің соңғы жылдарында қызмет еткен «Жетісу» телеарнасының жаңа ғимаратында, Талдықорғандағы Журналистер үйінде өтті. Жаназаға жан-жақтан келген жұрттың қарасы көп болды. Қаралы митингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жеделхатын оқып беріп, оны марқұмның әкесіне табыстады.Сөз сөйлегендер ақылшы аға, ізетті іні болған жайсаң жанның адами қасиеттері жайлы ой толғады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top