Ғажап ән / Ғалым Боқаш / Құлаққаппен тыңда

Күн қайда асығады?! Нендей күш күннің нұрын жасырады?! Қызарып соңғы сәуле шашырады. Күн түйе алмай барады шашын әлі. Несіне асығады?! Көкжиекке ымырт кеп асылады, Түн келіп, дүниені басынады. Күн неге асығады, асығады?! О, жарық дүнием-ай! Қуатым-ай! Несіне асығасың, тұра тұрмай. Өмірді басқа арнаға бұратындай. Түннен қорқам... Мәңгілік тұратындай. Тоқташы! Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Back to Top