Сенің көзің - Музарт , Мұқағали Мақатаев (қазақша әндерге текст, мәтін, lyrics )

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған, Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман. Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара, Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?! Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана, Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана. Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен, Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен, Күлкің сенің шашылған нұр, сезің кәусар, бал ма екен, Бұл ғаламда сенен артқан, сірә,
Back to Top