ткенде 2020 жылы елді дрліктіріп, шошытан зажоба таы шыты. Депутаттарды айтатын трі жо.

Өткенде 2020 жылы елді дүрліктіріп, шошытқан заңжоба тағы шықты. Депутаттардың қайтатын түрі жоқ. Бұл жолы атауын өзгертіп, “әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету“ деп әдемілеп қойыпты. Ішін ашсаң, сол баяғы қауіпті нормалардың тура өзі. Тағы да оларды заңға тықпақшы екен. Бірақ өткенде, қанша дегенмен, бұл заңжоба қызу талқыға түскен еді. Ал биыл талқыламақ түгіл, қазақтілді қауым бұл заңжобадан мүлдем бейхабар. Бұл заңжобаны асықпай, ел болып, талқылау қажет. Бұл тек 4 депутатқа қатысты емес, бүкіл 19 миллион халыққа қатысты дүние. Бұл заңжоба ғасырдан-ғасырға келе жатқан дінімізге, әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге қарама-қайшы. Ол ата-ананың құқығын шектеп, баланың құқығын кеңейтіп отыр. “Тәйт“ десең — психологиялық зорлық, смартфон алып қойсаң — экономикалық зорлық, құйрықтан тартып қалсаң — күш көрсету зорлығы. Сонда баламызды қалай тәрбиелемекпіз?.. Балаға қол көтермей тұрып, 4 зомбылықтың біреуіне түсіп кетеміз. Баламызға қол ұшын тигізбесек те, жай ғана “қой, таяқ жейсің!“ деп қалсақ, “зорлық-зомбылықтың ҚАТЕРІ төнді“ деп, есік артынан полиция, соцработник, тағы басқалар үйімізге топырлап басып кіріп, баламызды жұлып алып, анасын қамауға алып, ата-аналық құқықтан айырып, отбасымыздың тас-талқанын шығарады. Бұл заңжоба ертең жанұянымызды бұзатын болады. Қазірдің өзінде балалар үлкеннің сөзін көтере алмайды. Шыбықпен ұрмақ түгіл, қабақ түйіп қорқыта алмаймыз. Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) хадисінде Ақырзаман жақындағанда: «Күң өзінің ханшайымын туады» – деп айтқан. Яғни, Қиямет күні жақындағанда, баланың ата-анаға деген құрметі жоғалып, ата-ана перзентіне емес, керісінше, ұл-қызы әке-шешесіне нұсқау беріп, билік жүргізетін болады. Бұл бізге жат нәрсе. “Әй“ дейтін әже, “қой“ дейтін қожа жоқ демекші, Еуропа халқы құлдырап бара жатыр. Балалары не істесе де, өздері біледі: темекі шегеді ма, нашақор болады ма, жезөкше болады ма, жынысын ауыстырады ма — өз еркі, бәріне рұқсат бар. Ертең бұл сорақы заң қабылданса, ұлымыз гей боламын десе, қабағымызды түйіп, ашулана да алмайтын боламыз. Тәрбиеден жұрдай болған ұрпақтан не күтеміз?..
Back to Top